Президент • 01 Мамыр, 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының  бірлігі күнімен құттықтауы

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Егемен еліміздегі барлық этностық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік.     

Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – баға жетпес байлығымыз. Бұл құндылықтар Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарының өзегіне айналды.

Біз бір ел, біртұтас халық болып тәуелсіздігімізді нығайттық. Халықаралық қо­ғамдастықтағы абырой-беделімізді арт­тыр­­дық.

Биылғы Бірлік күнінің мән-маңызы ерекше. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге тараған коро­навирус пандемиясымен күресуде. Жа­һан­­дық экономикалық дағдарыстың салда­рын халқымыз да сезініп отыр.

Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез келген қиындықты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!

Біз біргеміз!