
«Құрметті қазақстандықтар! Ұлттық Олимпиадалық комитеті сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды! Біздің біртұтас халық екенімізді айқындайтын ортақ құндылығымыз, болашаққа деген ұмтылыс, бір-бірімізге деген сенім бізді кез келген қиындықтан алып шығуға көмектеседі. Бір-біріңізге деген сенім мен құрметті сақтай отырып, жақындарыңызға демеу болып, спортпен шұғылданыңыздар! Сіздерге зор денсаулық пен амандық тілеймін!», - деді Тимур Құлыбаев.