Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Түркістан: Тұрғындардан түскен арыз-өтініштер 3 есе артқан

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне хабарласушылар саны еселеп  артқан. Мысалы, 16 наурыздан 27 сәуірге дейінгі аралықта 4457 арыз-өтініш түскен. Оның ішінде «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы – 418, «Instagram» арқылы – 812, «WhatsApp» желісі арқылы –1042, телефон қоңыраулары арқылы 2185 өтініш пен арыз келген. Олардың 3071-і оң шешіліп, 1327-сіне заң аясында кеңес берілсе, 59 өтініш қаралу үстінде.

Түркістан: Тұрғындардан түскен арыз-өтініштер 3 есе артқан

Талдау көрсеткендей, төтенше жағдай кезінде бір айда өтініштер 3 есеге артқан.  Өтініштердің басым бөлігі «Біз біргеміз!» акциясы аясында азық-түлікпен көмек көрсету, «Birgemiz»  қоғамдық қорынан беріліп жатқан 50 мың теңге,  мемлекет тағайындаған 42500 теңге жәрдемақы бойынша түскен. Сонымен бірге  медициналық бетперделер мен дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен құнына және мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты да өтініштер мен сұрақтар қабылданған. Төтенше жағдайға байланысты партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы онлайн режимде жүргізіліп келеді. Бұл бағытта өңірде жұмыс жүйелі жолға қойылған.

Тұрғындарға партия филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің сенім телефондары мен барлық әлеуметтік желілері бойынша ақпарат жарияланған. Онлайн режимінде жұмыс күшейтілген. Мәселесі назарға алынған тұрғындар тарапынан да жылы пікірлер айтылуда. Тұрғындардың талап-тілегін тікелей тыңдау үшін партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев әлеуметтік желілерде екі рет қабылдау өткізді. Әлеуметтік салаға жауапты басшылар да тұрғындар өтініші мен сауалдарына жауап беруде.

 

 

Түркістан облысы