Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 2 науқас тіркелді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында 1 адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды, ол 1961 жылғы ер адам. Абай қаласында 1 адамнан да вирус табылды, ол 1996 жылғы қыз.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 2 науқас тіркелді

Бұған дейін коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, науқастар карантинге жатқызылған.

01.05.2020 күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша бұл азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста қауіпті инфекцияны 151 адам жұқтырған, оның ішінде біреуі қайтыс болды, 61 науқас жазылып шықты.