Төтенше жағдай режімінің енгізілуімен Алматыдағы көптеген пәтер иелері пәтерлердің құнын қайта қарастыруға мәжбүр болып отыр. Қаланың кейбір аудандарында шаршы метр екі есеге дейін арзандады. Бірақ мұны риэлторлар уақытша құбылыс деп бағамдап отыр. inalmaty.kz мәліметтеріне сүйенсек, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер тобының бас директоры Айнұр Құдайбергенованың айтуынша, меншік иелері клиенттен айрылып қалмас бағаны төмендетуге дайын. Маманның айтуынша, қазір сұранысқа қарағанда ұсыныстар көп. Бұл ең алдымен қала және елді мекендердің карантин режіміне көшуіне байланысты. Өңірден келіп, жұмыс істеген адамдар үйлеріне қайтты. Сәйкесінше, көп пәтерлер босап, жалға алу бағасы төмендеген.
Карантин кезінде жұмыссыз қалған кейбір жалға алушылар жалға берушілерді жеңілдіктер жасауға және жалға алу құнын айтарлықтай төмендетуге сендіруге тырысуда.
АЛМАТЫ