20 Қыркүйек, 2013

Ықпалдастыққа жол ашық

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа

технологиялар министрі Әсет Исекешев Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті. Тараптар екі елдің ынтымақтастығы бойынша көптеген мәселелерді сөз етті.

Дәлірек айтқанда, екі мемлекеттің өнеркәсіптік кооперациясын терең­дету мәселесі қозғалды. Бұдан басқа, та­раптар бірлескен жобаларды жү­зе­ге асыру барысын талқылады.

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа

технологиялар министрі Әсет Исекешев Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті. Тараптар екі елдің ынтымақтастығы бойынша көптеген мәселелерді сөз етті.

Дәлірек айтқанда, екі мемлекеттің өнеркәсіптік кооперациясын терең­дету мәселесі қозғалды. Бұдан басқа, та­раптар бірлескен жобаларды жү­зе­ге асыру барысын талқылады.Ол бой­ынша республикалық Индус­трия­ландыру картасына кіретін 2 жобаның құрылысы 2013 жылдың 4 тоқ­санында басталмақ. Олардың біріншісі – Индустрияландыру картасына енгізілген, ШҚО-да толық цикл­ды автомобиль зауытын салу бойынша «АвтоВАЗ» ААҚ, «Азия Авто» АҚ және «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-тың бірлескен жобасы. Уағдаластықтарға сәйкес, 2014 жылға қарай Өскемендегі жаңа зауыттың алаңында жылына 60 мың бірлікке дейінгі (бірінші кезеңде) көлемде автокөліктерді және автокөлік бөлшектерін дәнекерлеу, бояу, жинау бойынша қуаттар құрылмақ.

Екіншісі – бұл «ЕвроХим» компа­ниясының Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыштар өндірісі. Осы жобаны жүзеге асыру жылына ша­­мамен 1 млн. тонна минералды ты­ң­айт­­­­қыш­тарды шығаруға мүмкіндік береді.

«ЕвроХим» МХК» ААҚ бас директоры Дмитрий Стрежневтің ақпараты бойынша, компания жақын арада кәсіпорын құрылысына кіріспек.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар