Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Шымкенттегі Еңбекші ауданында 64 аула абаттандырылады

11 реткөрсетілді

Қаланың Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған.​ Биыл тағы 64, ​ келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды.​

Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар​ көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген​ балалар алаңшасына құрылғыларды арнайы Ресейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. Бүгінде тұрғындар ол жерге видео камера орнатуды ойластырып жатыр.​ Тек пандемияға байланысты елде жарияланған төтенше жағдай қол байлау болып отырған көрінеді.

«Бұрын ойын алаңшасының орнында тозған кәріз жүйесінен аққан​ сасық су көлдеп, Бадам өзеніне ағатын. Кәріз жүйесі мен ауыз сумен үлкен мәселе еді. Қазір жағдай жақсарды. Кәріз жүесі жаңарып, тәулігіне 24 сағат тіршілік нәрі беріледі. Өткен жылы электр жүйесі тартылды. Сондықтан жүйелі жұмыстың арқасында бізде біртіндеп мәселелер шешіліп жатыр. Әкімдікке алғыс айтамыз.​ Мынадай ойын алаңшасы Астанадан басқа еш жерде жоқ сияқты.​ Өздерінде ойын алаңшасы болса да, көршілес Маятас, Елтай, Айнатас елді мекендерінің балалары осында келіп ойнайды», - дейді Мұнайбарлаушылар көшесінің төбе биі Талиба Бурковецкая.

Тұрғындардың айтуынша, бүгінде көшені жарықтандыру мәселесі өзекті. ​ Өз кезегінде Мұрат Әйтенов жарық шамдарын орнатудың оңтайлы жолдарын қарастырып жатқанын жеткізді.

 
Шымкент
Соңғы жаңалықтар

Шайқының домбырасы

Өнер • Бүгін, 08:15

Театр алдындағы тарландар

Руханият • Бүгін, 08:13

Пандемия: Стивен стихиясы

Әлем • Бүгін, 07:51

Лу Шүн. Маржан сүзген жазушы

Әдебиет • Бүгін, 07:50

Тұтқын тағдыры

Руханият • Бүгін, 07:34

Жаз шықпай-ақ қурай бастады

Экология • Бүгін, 07:30

Экология бәрімізге ортақ

Экология • Бүгін, 07:27

Ойлап тапқан дүниесіне демеуші жоқ

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:25

Мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Экономика • Бүгін, 06:45

Ұмтылғандар ұтады

Бизнес • Бүгін, 06:41

Фермерлердің көңілі әлі де күпті

Экономика • Бүгін, 06:39

Сахара үнінің саңлағы

Өнер • Бүгін, 06:37

Жер көп, жайылым жоқ

Қоғам • Бүгін, 06:35

Бетперде режімін бұзуға болмайды

Коронавирус • Бүгін, 06:32

Ұқсас жаңалықтар