Науқастардың бірі 39 жастағы ер адам болса, екіншісі 5 жасар бала. Олар да науқастармен жақын байланыста болған азаматтар болып шықты. Сондай-ақ, Атырау облысы Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер арасында 9 оқиға анықталды. Белгіленген алгоритмге сәйкес, олар облысқа келгеннен соң карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша оларға COVID-2019 диагнозы қойылған.
Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, бүгінде барлық науқастар инфекциялық стационарға орналастырылған. Олар онда қажетті ем шараларын қабылдайтын болады. Ал, науқастармен байланыста болған тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылған. Ағымдағы жылғы 1 мамыр күнгі жағдай бойынша бүгінде Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 132 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде Тараз қаласында 58, Байзақ ауданында 6, Жамбыл ауданында 5, Қордай ауданында 36, Меркі ауданында 3, Мойынқұм және Шу аудандарында бір-бір науқастан анықталған. Сондай-ақ, Үндістан елінен келген «Дели – Тараз» рейсінің жолаушылары арасынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталған. Індет жұқтырғандардың ішінен 46 адам емделіп, олар дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Жамбыл облысы