Әлем • 01 Мамыр, 2020

Өзбекстанда су қоймасы жарылып, тұрғындар көшірілді

1277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. 

Өзбекстанда су қоймасы жарылып, тұрғындар көшірілді

Өзбекстан ТЖМ мәліметі бойынша, Сардоба ауданындағы Қорғантепа ауылын су басып қалды. Су қоймасының жанында орналасқан үш шағын ауданның 12 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

ааа

Бұдан басқа, су басу қаупі бар тағы төрт ауданнан адамдарды шығару басталды. Оқиға орнына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв пен Үкімет басшысы барды.

мвм

Су қоймасы 1 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5.55-те жарылған.