Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Түркістан облысында тағы 5 азамат індеттен айығып, отбасына оралды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 1 мамырдағы ақпарат бойынша 5  азамат коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осылайша облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті.

Түркістан облысында тағы 5 азамат індеттен айығып, отбасына оралды

Дерттен айыққандардың төртеуі Жетісай ауданы, Асық ата кентінің  азаматтары. Сондай-ақ Жетісай қаласының 15 жастағы тұрғыны коронавирус дертінен айығып отбасына оралды. Олардың барлығы КВИ расталған жағдай диагнозымен ауруханада ем алған.

Өкінішке қарай, 1 мамырдағы мәлімет бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 4 азамат тіркелді. Оның үшеуі Түркістан қаласының тұрғыны. Сондай-ақ COVID-19 инфекциясын Келес ауданының 1974 жылғы тұрғыны жұқтырған. Диагноз науқастарды тексеру барысында нақтыланды. Олармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Бірінші мамырдағы мәліметке сәйкес, індет жұқтыру бойынша тіркелгендер саны Жетісай ауданында -21, Ордабасыда –11,  Кентау қаласында –10, Сайрам ауданында –3, Мақтааралда –7, Арыста –17, Түркістанда –18, Бәйдібек ауданында –3,  Сарыағаш ауданында –18, Қазығұрт ауданында – 8, Созақ ауданында – 5, Түлкібас ауданында –1, Төлеби ауданы –1, Келес ауданында – 1.

 

 

 

Түркістан облысы