Аймақтар • 02 Мамыр, 2020

Мақтаарал ауруханаларында COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастар жоқ

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал ауруханаларында COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастар жоқ

Тұрғындардың біразы туыс-туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық-түлік, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жетісай ауданындағы инфекциялық ауруханада облыс бойынша 32 науқас ем алып жатса, Мақтаарал ауданының ауруханаларында бірде-бір науқас жоқ. Дәрігерлер індеттен сақтау бойынша барлық шараны қолға алды. Халыққа антисептик, бетперде, қолғап тегін таратылып, әр азаматтың дене қызуы тепловизормен тексерілуде.