Әлем • 02 Мамыр, 2020

Шанхайдағы көрме алаңдарының 70 пайызы брондалған

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша айында өтетін ІІІ Қытай халықаралық импорттық жәрмеңкесі көрме алаңдарының 70 пайызы брондалған. Шараны ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, көрмеге 1100-ден астам компания қатысады.

Шанхайдағы көрме алаңдарының 70 пайызы брондалған

Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін мыңнан астам компанияның қатысатынын растаған CIIE бюросы директорының орынбасары Сунь Чэнхай жәрмеңкеде энергия үнемдеу және қоршаған ортаны қорғауға арналған арнайы көрме аймағын бөлу жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның аумағы шамамен 10 мың шаршы метрді құрайды. Тақырыптық павильондарға бөлінетін көрме алаңдарында суды үнемдеу, энергияның жаңа көздері, ресурстарды қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнімдер таныстырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар