Технология • 02 Мамыр, 2020

Қытай техногиганты Huawei Qualcomm-ды басып озды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай техногиганты Huawei алғаш рет өзінің америкалық қарсыласы Qualcomm басып озып, ұялы телефондарға арналған чиптердің ірі жеткізушісі атағын жеңіп алды.

Қытай техногиганты Huawei Qualcomm-ды басып озды

CINNO зерттеу-консалтингтік компаниясы жариялаған баяндамаға сәйкес ағымдығ жылдың бірінші тоқсанында Huawei еншілес компаниясы Hisilicon шығарған Kirin чиптерінің нарықтық үлесі 43,9 пайызға жетті. Ал Qualcomm корпорациясының үлесі 32,8 пайызды құрап, екінші орынға ие болды.

Media Tek және Apple компаниялары Қытайдың ұялы телефондарға арналған чиптер нарығында үшінші және төртінші орындарды еншілеп, 13,1  және 8,5 пайызға тоқтады. Аталған баяндамада сондай-ақ, COVID-19 індеті қытайлық ұялы телефондар нарығына айтарлықтай соққы әукелгенін, осыған байланысты ағымдағы жылдың алғашқы үш айында елдегі телефон процессорларын жеткізу көлемі 44,5 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, Aurora Mobile аналитикалық компаниясының мәліметтері бойынша, Huawei техногиганты смартфондар нарығындағы өз ұстанымын 36,9 пайызға ұлғайта алады.

Қытайдың ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар академиясының мәліметтері көрсеткендей, биылғы жылдың қаңтар-наурыз айына дейін Қытайдың ұялы телефондарын жеткізу көлемі 36,4 пайызға, жылдық есеппен алғанда 48,95 млн бірлікке дейін төмендеген.