Қазақстан • 03 Мамыр, 2020

3 мамырға арналған ауа райы болжамы

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 мамырда ел аумағының басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше ауа ағындарының өтуіне байланысты оңтүстік өңірде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік батыста және батыста тұман түседі. 

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, ал күндіз жел екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал таңертең және күндіз 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысында да күн күркірейді, күндіз жел күшейіп, жылдамдығы 23 м/с жетеді деп күтілуде.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, желдің күші 15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің күші 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысында да күн күркіреп, жел тұрады, бұршақ түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысында түнде, Маңғыстау облысында күндіз күн күркірейді.

Батыс Қазақстанда кей жерлерде тұман түседі.