Бұған дейін БАҚ беттерінде айтылғандай, Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медициналық қызметкерлерді ынталандыру туралы шешім қабылданған болатын. Қызметкерлердің жалақысына үстемеақы белгілеу ережелері әзірленді, онда тәуекел топтары, алушылардың тізімдер қалыптастыру тәртібі және төлемдердің мөлшерлері анықталды.
Медициналық қызметкерлерге үстемеақы тәуекел топтарына байланысты төленеді: 212,5 мың теңгеден (5 ТЖМ) 850 мың теңгеге дейін (20 ТЖМ).
Үстемеақы алушылардың тізімдерін жедел штабтарда құрылған аймақтық комиссиялар құрайды. Комиссия төрағасы әкім орынбасары саналады. Комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау бөлімдері, өңірлік бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, үкіметтік емес ұйымдардың және т. б. өкілдері кіреді. Үстемақы республикалық бюджет есебінен төленеді. Төлемдер комиссиялар ұсынған тізімдерге сәйкес Қор арқылы беріледі.
Бұл мәселе үшін республика бойынша 35,7 млрд теңге бөлінген. Қор стационарлармен келісім-шарттар жасады. Елімізде наурыз айы бойынша 17,4 мыңнан астам медициналық қызметкерге 3,3 млрд теңгеден астам қаражат жіберілді.
Маңғыстау обысы бойынша 6 денсаулық сақтау мекемесі короновирустық инфекциясына қарсы шараларға арналған жұмыстарға қатысуда.
-Осы аталған 6 медициналық мекеменің қызметкерлеріне наурыз айына тиісті қаражат аударылды. Қосымша үстемақыны 353 қызметкер алды, оның 48-і дәрігер,174-і орта медициналық қызметкер,83-і кіші медицицналық қызметкер және 48-і басқа да медициналық қызмет көрсеткендер, деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша директоры Р.Бектубаев.
Қордың қаржы операторы ретіндегі рөлі тек қаржыларды төлеу ғана емес, «COVID-19 коронавирусымен күресу аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына берілген мәліметтердің сәйкестігін тексеру да болып табылады. Осыған орай, Қор үстемақы алушылардың тізімдерін тексеру бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді.