Қоғам • 03 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Бірқатар тұрғын үйдің төрт подъезі карантинге жабылды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы әртүрлі тұрғын үйлердің төрт подъезі карантинге алынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан: Бірқатар тұрғын үйдің төрт подъезі карантинге жабылды

«2 мамырда әртүрлі тұрғын үйдің, соның ішінде «Номад» тұрғын үй кешенінің подъезді карантинге алынды. Подъездерде дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Сол үйлердегі тұрғындарға далаға шығуға болмайды, олар үйде отыруы керек және ол подъездерге ешкімге кіруге болмайды», делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, ол аумақты полиция қызметкерлері күзетіп жатыр.

«Подъездер карантинге қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша жабылады. Бұл шараның бәрі қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалған», делінген хабарламада.