Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың дерегі 146-ға жетті

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өкінішке қарай, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі күн сайын тіркелуде. 1 мамыр күнгі жағдай бойынша қауіпті індет жұқтырғандар саны 136-ға жетсе, 2 мамыр күні бұл көрсеткіш 143-ке жеткен. Ал, соңғы тәуліктегі ақпарат бойынша өңірде коронавирус індетінің тағы үш жаңа жағдайы анықталған.

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың дерегі 146-ға жетті

Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметі бойынша, қауіпті індеттің белгілері 1962 жылы және 1992 жылы туған азаматтардан табылған. Бұл деректер Тараз қаласында анықталып отыр. Олар бұған дейін науқастармен байланыс барысында инфекция жұқтырған. Сондай-ақ, аталған диагноз Шу ауданының 23 жастағы тұрғынынан да расталды. Оның алыс қашықтыққа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс істейтіндігі белгілі болды. Алгоритмге сәйкес мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде, «Қарасу» өткізу пунктінде одан аурудың бар-жоғын растайтын зертханалық зерттеу үшін талдау алынған.

 Бүгінде науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылған. Олармен байланыста болған адамдарды анықтау, олардан зертханалық талдау алу жұмыстары жүргізілуде. Ошақтарда дезинфекциялық өңдеу шаралары атқарылған.

Ағымдағы жылғы 3 мамыр күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 146 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде Тараз қаласында 69, Байзақ ауданында 7, Жамбыл ауданында 5, Қордай ауданында 37, Меркі ауданында 3, Шу ауданында 2 және Мойынқұм ауданында 1 дерек анықталған. Сондай-ақ, «Дели – Тараз» рейсінен алты оқиға, Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталған. Бүгініде коронавирус індетін жұқтырғандардың 48-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған. 

 

Жамбыл облысы