Білім • 03 Мамыр, 2020

Жапон студенттерінің бестен бірі оқуын тастап кетуге мәжбүр

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Japan Times газетінің мәліметтері бойынша, қазіргі жағдайда жапондық студенттердің бестен бірінің оқуын тастап кетуге мәжбүр болып отырғандығы қаражат жетіспеушілігіне байланысты.

Жапон студенттерінің бестен бірі оқуын тастап кетуге мәжбүр

Жапон университеттері мен колледждерінің студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 20,3 пайызы карантиндік шараларды енгізу нәтижесінде табысын жоғалтудан туындаған қаржылық жағдайға байланысты оқуды тастап кету туралы ойланатындығын көркетіп отыр.

9-27 сәуір аралығында Free бастамашыл студенттер тобы өткізген онлайн-сауалнама нәтижелері колледж немесе жоғары оқу орындарында оқуды тоқтату туралы ойланған студенттер саны күрт өскен. Сауалнамаға қатысқан 1200 студенттердің 7,8 пайызы оқуды тастап кету мүмкіндігін қарастырды.

Сауалнамаға сәйкес, қатысушылардың 4,8 пайызы оқуды тастап кетуге мәжбүр болып отырғанын отбасындағы қаржылық қиындықтармен байланыстырса, 15,5 пайызының да жағдайы осыған жақындап келеді. Осы орайда респонденттердің 0,2 пайызы оқуын тоқтатуға нақты шешім қабылдады. Сауалнамаға қатысқан студенттердің 28,5 пайызы өздерінің қосымша тауып жүрген табысынан айырлығанын, ал 39,8 пайызы табысының мүлде қысқарғаны туралы хабарлаған.