Entrepreneur американдық журналының мәліметтері бойынша, бос жұмыс орындарының 82 пайызы Excel еркін пайдалануды қажет етеді. Мұндай мамандарға олардың цифрлы әлем тілін игермеген әріптестеріне қарағанда 17 пайыз артық жалақы төлейді.
Енді биылғы жылы Excel және Google кестелерінде жұмыс істеуге болмайтын салаларға тоқталайық:
Excel және Google кестелерінсіз жұмыс істеу қаржыгерлер мен сарапшыларға мүмкін емес. Дегенмен, басқа да салаларды тізіп шығуға болар еді, бірақ ықшамдап жариялауға тура келеді.
1. Сату және сатып алу менеджерлері Excel-ді клиенттер мен жеткізушілердің деректер қоры ретінде пайдаланады.
2. Бухгалтерлер. Excel және Google кестелерінің көмегімен есептерді тез шешеді және есептеуді автоматтандырады. Жиынтық кестелерде салық және тендерлер үшін деректерді дайындайды.
3. Маркетологтар. Статистика жүргізеді және конверсияны санайды, сатып алушылардың қажеттіліктерін талдайды және басшылар үшін түсінікті кестелерді құрастырады.
4. PR-мамандар. Әлеуметтік желілерді талдайды, жарияланымдар бойынша статистика жүргізеді, клиенттер мен серіктестердің деректер базасын жасайды.
5. Кәсіпкерлер сату және командалар тиімділігін қадағалайды.
6. Product-менеджерлер. Тапсырыс берушілер мен пайдаланушылардың қажеттіліктерін талдайды, міндеттерді жоспарлайды, өнімнің бизнес-көрсеткіштерін қадағалайды.
Жалпы алғанда биылғы жылы компаниялар талаптары бойынша жұмысқа іздейтіндер үшін меңгеретін бағдарламалар көп. Ал Excel және Google кестелерін игерген адам басқа кандидаттарға қарағанда әлдеқайда сұранысқа ие.