Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Өскеменде құндыздың іздері байқалды

1046 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Этно саябақ аумағынан құндыздың іздерін байқапты. 

Өскеменде құндыздың іздері байқалды

Қазіргі әлемді шарпыған індет қоршаған ортаға үлкен өзгерістер әкелгендей. Табиғат жарықтық бір тыныстап, көгеріп, көктеп, түлей түскендей. Үндістанның тұрғындары 30 жыл көрмеген Бұланайдың (Гималай) шыңын көріп тамсанса, Алатау баурайындағы алматылықтар да осындай ғажап күйді кешіп жүргені анық. Биыл, биыл болғанда, осы соңғы үш ай көлемінде біздің облыстың бірнеше өңіріне аққулардың келуі, оның ішінде 40 қырық жыл бойы ядролық сынақтың зардабын тартқан Абыралы өңіріне осы киелі құстың қонуы тұрғындарды таңғалдырып жатыр. Біздің айтайын дегеніміз, Өскеменнің табиғатының да қайта түлеп, аң-құсының көбейіп жатқаны. Жақында қала тұрғындарының бірі сол жағалаудағы Этно саябақ аумағынан құндыздың іздерін байқапты.

құн

Іздерін байқағаны сол, ағаштарды жапырып, құлатып тастапты. Бірнеше жыл бұрын Ертіс өзенінің Пионер аралы аумағынан да құндыздар көзге түскен болатын. Соған қарағанда кеміргіштер өздерінің мекен ету аумағын кеңейткен секілді.

ӨСКЕМЕН