20 Қыркүйек, 2013

Әшірбек Сығай: «Ұлттық намыс қалғып кеткендей

646 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Әшірбек Сығай қазіргі таңда қазақ театры саласындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Белгілі сыншы осы кезге дейін тек театр төңірегінде тұшым­ды толғам айтатын 15 кітап жазып, жарыққа шығарып үлгеріпті. Біздің онымен жүргізген сұхбатымыз театр және өнердің өзге де салалары төңірегінде ой қозғайды.

– Әшірбек Төребайұлы, бүгінде зиялы қауым өкілдерінің басын біріктіру қиын, бірі олай тартса, бірі бұлай тартады деген пікірлер жиі айтылып қалады. Бұған не себеп? Ел үлкен сенім артып, үміт күтіп жүрген ұлт қаймақтарының мұндай оғаш әрекеттеріне қандай баға бересіз?

– Меніңше, бұл – әркімнің жеке басының шаруасы. «Әр кәллада – бір қиял» дейді өзбек ағайындар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Әшірбек Сығай қазіргі таңда қазақ театры саласындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Белгілі сыншы осы кезге дейін тек театр төңірегінде тұшым­ды толғам айтатын 15 кітап жазып, жарыққа шығарып үлгеріпті. Біздің онымен жүргізген сұхбатымыз театр және өнердің өзге де салалары төңірегінде ой қозғайды.

– Әшірбек Төребайұлы, бүгінде зиялы қауым өкілдерінің басын біріктіру қиын, бірі олай тартса, бірі бұлай тартады деген пікірлер жиі айтылып қалады. Бұған не себеп? Ел үлкен сенім артып, үміт күтіп жүрген ұлт қаймақтарының мұндай оғаш әрекеттеріне қандай баға бересіз?

– Меніңше, бұл – әркімнің жеке басының шаруасы. «Әр кәллада – бір қиял» дейді өзбек ағайындар.Әр адамның рухани деңгейіне бай­ланысты өз мүддесі, мұраты, сезімі, санасы, сезігі болады. Егер біреу оғаш сөйлеп, ел-жұртқа жайсыз, қоғамға қолайсыз сөздер айтып, жеке басының мәдениетін көр­сететін тірліктер жасап жатса, оны өзінің ұяты білсін деймін. Ал ұлт үшін жанын салып, оның тілі мен діліне, салт-дәстүрлеріне қа­тыс­ты ойлар айтып, мазасызданып жүрсе, ондай­ларды тыныштықты бұздыға жатқызбауымыз керек. Адам ішіндегісін ашық айтуға, өзін мазалап жүрген сауа­лын қоюға толық құқылы. Ақыры біз демок­ратиялық қоғамда, құқықтық мем­лекетте өмір сүреді екенбіз, неге өз ойымызды ашық айтпасқа?! Осы ретте жалпы ұлт қаймақтары дегеніміз кімдер? Ұлт қаймақтары деп ғылым докторы деген атағы барларды, әлде лауазымды қыз­мет­те жүргендерді айтамыз ба? Ұлт қаймақтары ауылда болуы да мүмкін ғой. Алыстағы оқшау ауыл­дарда отырып-ақ керемет ой ай­татын, қаладағы шенеуніктерден кем түспейтін азаматтар толып жатыр. Кезінде арбакеш не бригадир болып жұмыс істесе, ол кінәлі емес қой. Бірақ оның ұлтқа деген ниеті адал, ар-ұжданы таза болса ше?! Ендеше, ұлт қаймақтарын тек Алматы мен Астанадан іздеу әділ­дікке жатпайды деп ойлаймын. Ұлт қаймағы болу үшін төрт университет не екі академия бітірудің де қажеті жоқ. Шын мәнінде, ұлт тағ­дыры, ел-жұрттың жайы деген басқа нәрсе. Бірнеше жоғары оқу орындарын бітіргенімен, өзінің отбасы­на билік жүргізу қолынан келмейтін, екі сөздің басын құрап сөйлей алмайтын зиялылар жетіп артылады. Сон­дықтан мен өзінің ұлты үшін басын тауға да, тасқа да ұрып, олар­дың көкейкесті проб­лемаларын көте­ріп жүретін азаматтарды ғана ұлт қаймағы деп атаған болар едім. Ал орынтағы мен кабинетіне көңілі риза, бала-шағасының алдында өзінің тоқ жүргеніне мәз тоғышарларды ұлт қаймағына жатқыза алмаймын.

Шамасы, зиялы қауымның басы бірікпейді дегенде, әңгіме осын­дай оқшау ойлы азаматтарға қалған­дарының түгел қосыла кет­пейтінінен шықса керек. Мен­ мұның өзін жөн санамаймын. Жұрттың бәрі қосылып, гүріл­де­сіп жүруі шарт емес. Тегінде бә­рі ретімен, орын-орны­мен айтылып, жасалып жатса, одан еш­кім зиян шекпейді. Ал жұрт­тың бәрінің бірдей ойлауынан қо­ғамға келетін пайда аз. Сол себепті интеллигенцияның басы қосылмайды дегенге келіспеймін. Олардың озық ойлы өкілдерінің ұлт тағдыры, халық болашағы таразы басына түскен шақта бастары қосылатынына сенемін.

– Әңгіменің арқауын енді ұлттық намыс төңірегіне ойыс­тырсақ. Осы тұрғыда бүгінгі қазақты қандай мәсе­лелер маза­лауға тиіс?

– Бұл да жоғарыдағы әңгіменің жалғасы іспеттес қой. Бұдан бір­қа­тар уақыт бұрын бір газеттен оқып едім, Түркияның бір ак­трисасы Голливудқа барған көрінеді. Ерекше жаратылған, айрықша көркем болса керек. Ол америкалық студи

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23