Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Шымкентте 78 жастағы науқас коронавирус індетінен көз жұмды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында 3 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды.

Шымкентте 78 жастағы науқас коронавирус індетінен көз жұмды

1942 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 78 жастағы науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Азаматша үй жағдайында өз бетінше емделіп, медициналық көмекке жүгінбеген. Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқас коронавирус ошағынан анықталды.  

29 сәуір күні азаматша жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Науқастың қосалқы аурулары: 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, өте жоғары тобы, созылмалы бронхит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 3 мамыр күні, сағат 10:20-да науқас қайтыс болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған отбасы мүшелеріндегі 6  азаматтан коронавирус инфекциясы  анықталып, емдеу шаралары жүргізілуде, жағдайлары жақсы.

2020 жылдың 3 мамыр күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының 210 жағдайы тіркелген.