Президент • 04 Мамыр, 2020

Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде - Президент

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.

Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде - Президент

- Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде, - деп жазды Президент.