Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 1 айлық сәбиді аман сақтап қалды

204 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам ауруханадан үйіне қайтты. Емделіп шыққан 14 адамның тоғызы бір отбасының мүшелері екен.

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 1 айлық сәбиді аман сақтап қалды

Бұл отбасында вирус жұқтырған 3 ересек баламен қатар, 26 наурыз күні  дүниеге келген  1 айлық сәби де ауырған еді. Қуаныштысы, бүгін Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасынан нәресте емделіп, анасымен бірге үйіне баруға рұхсат алды.

- Бала ауруханаға түскен кезде туғанына 18 күн ғана болған. Сондықтан ерекше бақылауға алып, күнделікті емдеу тәсілін дәрігерлермен талқылап отырдық. Балада ем қабылдау кезінде ешқандай қиындық туған жоқ. Бала анасының жанында болды. Ауруханадағы 20 күн ішінде 1 келі салмақ қосты. Қазір жағдайы жақсы, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігер Жамила Абеуова.

Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданында 16 сәуір күні тіркелген 2 науқастың бірі 73 жастағы қария болса, бірі 1992 жылы туған Есік қаласының тұрғыны болатын. Дәрігерлер қария коронавирус инфекциясынан толық емделіп шыққанын айтады.ййй

Ал Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында 17 сәуірден бастап ем қабылдаған Қарасай ауданының 1971, 1967, 1985 жылы туған тұрғындары  бүгін толықтай жазылып шықты.  

- Аталған екі ауданның емделушілеріне 1 мамыр күні жүргізілген қайта талдау қорытындылары теріс нәтиже көрсетті. Атап өтсек, Еңбекшіқазақ ауданында жазылып шыққандардың барлығы Рахат ауылдық округіне қарасты «Көксай», «Береке», «Алтын Алма», «Алтын Адам» саяжайларының тұрғындары. Аталған саяжайларда аурудың жаңа жағдайы тіркелмегендіктен, олардағы карантин алынып тасталды. Жалпы, COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша эпидемологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты карантин шараларының режимі мен мерзімі өзгеруі мүмкін. Бірақ жалпы карантин талаптары сақталады-, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.