Білім • 04 Мамыр, 2020

Тәрбие – білім берудің кепілі

19 рет көрсетілді

Жоғары білім – әлеуметтік және экономикалық жағынан дамудың ең негізгі формасы. Себебі қоғамның негізгі қозғаушы күші білікті де, білімді маман.

Қазіргі кезде коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп, «Үйде бол!» акциясы қызу жүріп жатыр. Ал білім беру салалары жаппай қашықтан білім алу жүйесіне көшуде. Осы орайда үлкен мегаполисте орналасқан Ал­маты университетінің ұжымы қазір­гі қиындықтарды жеңудің жолдарын іздестіріп, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруда барлық мүм­кіндіктерді пайдалануда.

Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласында: «... Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүние танымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен иық тірестіру мүмкін емес» деп атап көрсеткен еді.

Осы орайда біз рухани жаңғырудың жаңа бағыттағы өсу белесі, үйден шық­пай, заманауи инновациялық тех­но­логияларды меңгеріп, өзіндік шығар­машылыққа бейімделуі – қазақ бола­шағының жемісі деп атап өтер едік.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудегі ақпарат­тандыру, халықаралық ғаламдық ком­му­ни­кациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Соған орай қашықтан оқыту технологиясын енгізу барысында, алыс аймақтағы елді мекендерден студенттер ақпарат алмаса алады, өзара ынтымақтастық артып, ізгілікті мәдени қарым-қатынас қалыптасады.

Оқу-тәрбие үдерісіндегі онлайн жүйесі кәсіби бағдарланған студенттердің ғылыми ізденушілік қабілеттерін арттырып, жауапкершілік пен жинақылыққа баулуда. Ағым­дағы жоспар бойынша студенттердің шығармашылық байқауларға қатысу мақсатында, ғылыми жетекшілерімен тығыз қарым-қатынас орнатудағы дайындықтары қарқынды жүруде. Бұл «Үйде бол!», «Біз біргеміз!» акциясы студент-жастардың жинақы, үнемді, сабырлы, сергек болудағы мінез-құлқын қалыптастыратыны сөзсіз.

Осынау қиын сәттердегі студент-жастардың «Біз жеңеміз!», «Үйде болыңыз!» тағы басқа тақы­рыптағы бейнероликтерінің мазмұ­нының тәрбиелік маңызы зор. Бірі сабаққа дайындалып, бірі ата-анасына қолғабыс тигізуде. Тіпті интернет желісі ұстамай, білімгерлердің жоталардан көрініс беруі – болып жатқан рухани сілкіністер дер едік.

Жастарда тың идеялар көп. Тек оң бағыт беріп, дұрыс жол көрсетсек болғаны. Ұлтжанды азамат болудағы қасиеттерге баулу – үлкендердің мін­деті. Мұндайда, Абайдың «... егер ісің­нен нәтиже көргің келсе, әр уақыт­та өзіңнен-өзің есеп алып отыр» деген аталы сөзі ойға оралады. Олай болса, үнемі өзіңе сын көзбен қарау, іздену, жа­ңалыққа ұмтылу, өмір талабына сай бо­лу, адами қасиетіңді биік ұстау – руха­ни кемелге жету деген сөз. Себебі сапа­лы білімсіз, рухани қалыптаспаған адам өмірге бағалы ештеңе алып келе алмай­ды. Рухани тәрбие – ел болудың негізі.

 

Сағат ӘЛДЕКЕНОВ,

Алматы университетінің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының PhD докторы,

 

Қалия АХАТАЕВА,

Алматы университеті Рухани жаңғыру жоба кеңесінің жетекшісі, доцент

 

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар