Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушы порталға кіріп, «Жылжымайтын мүлік» салымында үш қызметтің бірін таңдау қажет. Содан соң порталда көрсетілген қадамдық процеске сәйкес өтінімді толтыру қажет.
Кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және сапалық жағдайы туралы мәліметтерді өз учаскеңізге де, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі порталында электронды жоспарда көрсетілген аумаққа да алуға болады.
«Біз негізгі мәліметтерді барынша қамтуға және өтінім беру процесін жеңілдетуге тырыстық. Пайдаланушы тек тізімнен бір тармақты таңдап, төлем жасап, қажетті құжаттарды салып, ЭЦҚ-мен қол қою қажет» деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Көрсетілетін қызметті алу барысында өтініш берушінің қолданыстағы құқықтары тіркелген мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі порталында электронды жоспарда көрсетілген барлық жер учаскелері мен аумақтар туралы ақпарат автоматты түрде тартылады. Осы тізімнен сұрау салу жіберу үшін учаскелердің бірін таңдау қажет. Сұрау салу аталған ақпараттық жүйеге тікелей түседі. Сұрау салуға берілген жауаппен пайдаланушының жеке кабинетінде танысуға болады.
Нысаналы мақсатына, учаскенің ауданына және жұмыс көлеміне байланысты төлем сомасы анықталады, оны электронды үкіметтің төлем шлюзі арқылы жүргізуге болады.