Байрақты бәсекені өткізуге Лос-Анджелес, Барселона, Амстердам, Рим, Париж және Прага сынды алты қала өз өтініштерін білдірді. Солардың арасынан таңдау Францияның астанасына түсті. Айтулы жарыста 44 мемлекеттен келген 3089 спортшы бақ сынады. Сайыстар 17 спорт түрі бойынша өтіп, 126 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы комадалық есепте АҚШ құрамасы алдына жан салмады. Олар 99 (45 алтын+27 күміс+27 қола) жүлдені олжалады. Екінші және үшінші орындарды Финляндия (14+13+10) мен Франция (13+15+10) иеленді. Ал төртінші және бесінші сатыларға Ұлыбритания (9+13+12) мен Италия (8+3+5) жайғасты.
Жекелеген тұлғалар жайында айтар болсақ, финлияндиялық желаяқ Пааво Нуруми бес алтын жүлдені олжалап, Париж Олимпиадасының ең үздік спортшысына тиесілі арнайы сыйлықты иеленді. Дәл осы додада Джон Вайсмюллер де дарланды. Американың мақтанышы еркін тәсіл бойынша 100 және 400 метрге жүзуде ғаламат көрсеткішке қол жеткізді. Кейіннен Джон «Таразан» фильміне түсіп, актерлік қырынан да танылды.