Спорт • 04 Мамыр, 2020

Бүгін Сеск Фабрегас 33 жасқа толды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін әйгілі футболшы Сеск Фабрегастың туған күні. Кезінде жасыл алаңда жасындай жарқыраған, қазір де тәп-тәуір ойын өрнегін көрсетіп жүрген теңбіл доп шебері 33 жасқа толып отыр.

Бүгін Сеск Фабрегас 33 жасқа толды

Сеск 1987 жылдың 4 мамырында Испанияның Каталониясында дүниеге келді. Әр жылдары ол «Барселона», «Арсенал» және «Челси» сынды атақты командаларда өнер көрсетті. Бұл күндері айтулы жартылай қорғаушы «Монаконың» намысын қорғауда.

10 жыл бойы Фабрегас Испания ұлттық құрамасының намысын қорғады. Айтулы команда сапында 2010 жылы әлем чемпионы, 2008 және 2012 жылдары Еуропа чемпионы, 2009 және 2013 жылдары Конфедерация кубогының жүлдегері атанды. 

Соңғы жаңалықтар