Қоғам • 04 Мамыр, 2020

Бүгіннен бастап кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 мамырдан бастап фотосалондар, аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер, гүл сататын дүңгіршектер, шаштараздар, медицина орталықтары, стоматологиялық клиникалар жұмысқа кіріседі. 

Бүгіннен бастап кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді

Бүгіннен бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері); фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; шаштараздар (жазылу бойынша); медицина орталықтары (жазылу бойынша); стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша); жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар; шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жанданады.

Сонымен қатар, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, бұл шешімдер Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданған болатын.