Коронавирус • 04 Мамыр, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Жапонияда төтенше жағдай 31 мамырға дейін ұзартылды

79 реткөрсетілді

Бұл топтамада әлемнің 187 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

4 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 3 506 924, өлім саны - 247 473, айыққандар саны - 1 125 255 адам болды (жаңартылған уақыты 10:03).

16:40

Жапонияда төтенше жағдай режимі 31 мамырға дейін ұзартылды

Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ бүгін елдегі төтенше жағдай режимін айдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. 

Дегенмен мамандар жағдай жақсарса 31 мамырды күтпей, шектеу шараларын бәсеңдету қарастырылатынын айтып отыр. 

 о


16:12

7 мамырда Сербияда төтенше жағдай режимі тоқтатылады.


Украинада тағы 418 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 12 331-ге жетті. COVID-19-дан жақында тағы 15 адам көз жұмған. Қайтыс болғандардың жалпы саны 303-ке жетті. Бұл елде коронавирустан 1 619 адам жазылып шыққан.


Грузияда 5 мамырдан бастап Батумиден Кутаисиге жол ашылады.


Ресейде бір тәулікте 10 581 адам коронавирус жұқтырды.

Елде барлығы 145 268 адам қауіпті вирус жұқтырған. Оның ішінде жазылып шыққандары 18 095 адам, қайтыс болғандары — 1 356.


Германия астанасында музейлер, кітапханалар, шаштараздар мен мемориалдық кешендер жұмысқа қайта кірісті.

Сондай-ақ 22 мамырдан бастап Берлинде мейрамханалар ашылуы мүмкін.


10:18

Дүниежүзінде 3 506 924 адам коронавирус жұқтырды.

247 473 адам қайтыс болды.

1 125 255 науқас құлан-таза айықты.

АҚШ-та 1 158 041 жағдай тіркелді, 180 152 адам сауығып шықты, 67 682 адам қайтыс болды.

Испанияда 217 466 жағдай тіркелді, 118 902 адам сауығып шықты, 25 264 адам қайтыс болды.

Италияда 210 717 жағдай тіркелді, 81 654 адам сауығып шықты, 28 884 адам қайтыс болды.

Ұлыбританияда 187 842 жағдай тіркелді, 901 адам сауығып шықты, 28 520 адам қайтыс болды.

Францияда 168 925 жағдай тіркелді, 50 885 адам сауығып шықты, 24 900 адам қайтыс болды.

Германияда 165 664 жағдай тіркелді, 130 600 адам сауығып шықты, 6 866 адам қайтыс болды.

Ресейде 134 687 жағдай тіркелді, 16 639 адам сауығып шықты, 1 280 адам қайтыс болды.

Түркияда 126 045 жағдай тіркелді, 63 151 адам сауығып шықты, 3 397 адам қайтыс болды.

п

Соңғы жаңалықтар

Кім қалай оқып жүр?

Әдебиет • Бүгін, 12:02

ҚПЛ бір командаға азайды

Спорт • Бүгін, 08:17

Тарихқа таразы болар бастама

Саясат • Бүгін, 08:04

Жүйелі жұмысты қажет етеді

Саясат • Бүгін, 08:01

«Balapannan» базарлық

Қоғам • Бүгін, 07:23

Ұқсас жаңалықтар