- Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Д.Н. Назарбаева туралы» 2020 жылғы 2 мамырдағы № 315 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін, - делінген Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.