Спорт • 04 Мамыр, 2020

Чемпиондар лигасындағы ең үздік голдар

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі France Football басылымы 1992-2020 жылдар аралығында өткен УЕФА Чемпиондар лигасында соғылған ең үздік голдардың тізімін жария етті.

Чемпиондар лигасындағы ең үздік голдар

Айтулы басылым сарапшыларының пікірінше, «Реалдың» ойыншысы Зинедин Зиданның Леверкузеннің «Байер» клубының қақпасына соққан голы үздік деп танылды. Бұл кездесу 2002 жылдың 15 мамырында Шотландияның Глазго қаласындағы «Хэмпден Парк» стадионында өткен еді. Финалдық сайыстың бірінші таймның соңында таразы басы тең тұрды. 45 минутта Зидан немістердің қақпасына екінші голды соқты. Нәтижесінде мадридтіктер бұл матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал «ТОП-10» әдемі голдардың толық тізімі мынадай:   

 

  1. Зинедин Зидан, «Реал» (2002 жылы «Байердің» қақпасына);

    2. Мауро Брессан, «Фиорентина» (1999 жылы «Барселонаның» қақпасына);

    3. Криштиану Роналду, «Реал» (2018 жылы «Ювентустың» қақпасына);

    4. Деян Станкович, «Интер» (2011 жылы «Шалькенің» қақпасына);

    5. Филипп Мексес, «Милан» (2012 жылы «Андерлехтің» қақпасына);

    6. Гарет Бэйл, «Реал» (2018 жылы «Ливерпульдің» қақпасына);

    7. Майкл Эссьен, «Челси» (2009 жылы «Барселонаның» қақпасына);

    8. Марио Манджукич, «Ювентус» (2017 жылы «Реалдың» қақпасына);

    9. Роналдиньо, «Барселона» (2005 жылы «Челсидің» қақпасына);

    10. Аарон Рэмзи, «Арсенал» (2014 жылы «Галатасарайдың» қақпасына).