Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Елордадағы әуежай өткен жылы 5.1 млн жолаушыға қызмет көрсетті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық  әуежайы» - Қазақстандағы ең ірі әуежайлардың бірі. Жолаушылар ағыны бойынша 2-орынды алады. Өткен жылы әуежайда 5,1 млн жолаушыға қызмет көрсетілген, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Елордадағы әуежай өткен жылы 5.1 млн жолаушыға қызмет көрсетті

Әуежай мемлекет меншігінде. 2321 адам қызмет етеді.  

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық  әуежайынан» 16 ішкі бағыт бойынша аптасына 320 тұрақты рейс орындалды. Сондай-ақ, 3 қазақстандық және 12 шетелдік әуекомпания апта сайын 31 бағытта 179 халықаралық жолаушылар рейсі атқарып келді.

Астаналық әуежай - еліміздің визит карточкасы. Мемлекеттік және ресми сапарлар кезінде шетел басшыларының делегациясына жиі қызмет көрсетеді.

2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында қауіпсіздік пен сапаның барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа халықаралық жолаушылар терминалы пайдалануға берілді.