Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Түркістан: Су басу қаупі бар ауылдар айналасына бөгеттер тұрғызылуда

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар Нұрлы жол елді мекені аумағында ұзындығы 2,5, биіктігі 1,5 болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елді мекенінен Мырзакентке қарай 3 коллектор орналастырылды.

Түркістан: Су басу қаупі бар ауылдар айналасына бөгеттер тұрғызылуда

Өргебас ауылының аумағында ұзындығы 20 метр, биіктігі 1 метр болатын бөгет жасалса, Ырысты елді мекенінде биіктігі 0,5 метр ұзындығы 40 метр бөгет соғылды. Сондай-ақ, Жантақсай елді мекенінің маңынан ұзындығы 800 метр болатын бөгет тұрғызылды.

Сонымен қатар, көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойын ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмысқа 700-ге жуық адам, 15  техника жұмылдырылған.

4

Түркістан облысы