Коронавирус • 04 Мамыр, 2020

Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанды  - Айжан Есмағамбетова

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанғанын мәлімдеді.

Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанды  - Айжан Есмағамбетова

«Елімізде коронавирустан айыққандар саны 1000-нан асты. Соңғы екі аптада еліміздегі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды», - деді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ ол карантин шараларын сақтаған қазақстандықтарға алғыс білдірді.

«Карантин шарттарын сақтау бізге эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Карантин шаралары бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біртіндеп жеңілдетілуі тиіс. Біз біртіндеп қалыпты тыныш өмірге көшеміз», - деді ол.