Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Түркістан: «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 200 млн теңге аударды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры атынан  20 тонна азық-түлік келіп жетті.

Түркістан: «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 200 млн теңге аударды

Көмектің ішінде азық-түліктен бөлек, 18 түрлі жеке бас гигиенасына қажетті заттар мен балаларға арналған тәттілер де бар. «Осындай қиын жағдайды естіп, біліп отырып, әрекет жасамау азаматтығымызға сын деп есептеймін. Мақтаарал халқына Алла сабыр мен төзімділік берсін! Бұл қиындықты да қазақ халқы ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында еңсеретініне сенімдімін. Бүгінгі көмекке өз үлестерін қосқан барша қайырымды жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз», деді  аталмыш қор мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген. 

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорынан келген 20 тонна жүк түгелімен Атакент кентінде орналасқан арнайы қоймаға түсірілді. Қордың Мақтаарал ауданына деген көмегі мұнымен шектелген жоқ.  Қайрат Құдайберген қор атынан  «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 200 млн теңге аударылғанын да жеткізді.

45

 

Түркістан облысы