«Ерекше атап өтер жайт, карантин кезінде азаматтарымыз оқшаулануға тез бейімделді. Көптеген кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшірді. Қоғамның жаңа үрдістерге дайын екенін осыдан-ақ аңғаруға болады», - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, кез-келген дағдарыс тың бастамаларды туындатады.
«Жалпы, Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдары айқын. Елбасы бұл мәселе жөнінде Қауіпсіздік кеңесінің отырысында нақты атап көрсетті. Кез-келген дағдарыс тың бастамаларды туындатады. Әрине, осы кезеңнен сабақ алып, осал тұстарымызды жетілдіруіміз керек. Егер індет өршіп кетпесе, 11 мамырда төтенше жағдай режімі аяқталады», - деді Президент.