«Дұрыс айтасыз, еліміз үшін ауыл шаруашылығының маңызы зор. Дәл қазіргі басты міндет – егіс науқанын ойдағыдай өткізу. Қазақ «Көктемнің бір күні – жылға азық» дейді. Кез-келген қауіп-қатерге қарамастан бұл жұмысты уақтылы жүргізу керек. Мәлімдемеде айтылғандай, биыл көктемгі егіс науқанына және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыш сатып алуға жұмсалады. Сонымен қатар шағын және орта шаруа қожалықтары жанармайды арзан бағамен алады. Осыған орай 390 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен сатылуда. Мұның бәрі мол өнім алуға септігін тигізеді деп сенемін», - деді Президент.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбатында айтты.
Қайрат Сәтжанов: Құрама жігіттерінің дайындығы жақсы
Бокс • Бүгін, 19:31
«Ең әдемі киім – ұлтымның киімі»
Аймақтар • Бүгін, 19:15
Бокс: Ел намысын кімдер қойғайды?
Спорт • Бүгін, 18:51
Талғар әкімі лауазымына үміткерлер іріктелді
Оқиға • Бүгін, 18:18
Сағындық Тоғамбай: Әр салмақта бәсекелестік жоғары
Спорт • Бүгін, 17:55
Қазақ спортшылары Халықаралық бадминтон турнирінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 17:45