Президент • 05 Мамыр, 2020

Қ.Тоқаев осы күрделі кезеңнен қандай ой түйгенін айтты

1198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында күрделі төтенше жағдай кезеңінде түйген ойын айтып берді.

Қ.Тоқаев осы күрделі кезеңнен қандай ой түйгенін айтты

«Төтенше жағдай күнделікті өмірімізге елеулі өзгеріс енгізді. Жоспарланған жұмыстарды, түрлі іс-шараларды кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Осындай кезде, ең алдымен, не нәрсенің аса бағалы екенін түсіндік. Бұл – адамның өмірі, адами қарым-қатынастар, азаматтардың денсаулығы, қоғамның береке-бірлігі. Бір-бірімізге қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін де аңғардық. Қалған дүниенің бәрін біртіндеп ретке келтіруге болады. Пандемия кезінде бүкіл қоғамымыз сынға түсті. Көптеген азаматтар қиын сәтте елге қызмет етудің озық үлгісін танытты. Бұл – парасатты патриотизмнің көрінісі. Кез келген күрделі кезең адамның жігерін жанып, рухын қайрайды. Әлемге жайылған індет тұсындағы ахуал халқымызды одан әрі ұйыстыра түсетіні анық»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.        

Осы ретте, ел Президенті ұлы Абайдың «Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық – бұл қайраттан шығады, білсең керек» деген өлең жолы ойға оралатынын айтты.

«Шын мәнінде, табандылық  пен төзімділік танытсақ, қиындыққа төтеп береміз. Еліміз бұл қиындықтан ширап әрі шыңдалып шығады деп толық сеніммен айта аламын. Барлық қиындықты бірге жеңеміз!» деп қорытындылады Мемлекет басшысы.