Президент • 05 Мамыр, 2020

Алдағы уақытта медициналық-биологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбатында Қазақстандағы медицина ғылымының дамуына тоқталды.

Алдағы уақытта медициналық-биологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді

«Коронавирус індеті медицина ғылымын дамытудың да өзекті екенін көрсетіп берді. Қазір бүкіл әлем осы салаға ерекше назар аударып, жұқпалы аурулармен күресті күшейтуде. Бұл – заңды құбылыс. Алдағы уақытта елімізде медициналық-биологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, айбынды әскермен бірге мықты медицина да – мемлекеттің негізгі қалқаны. Бұдан былай оның өзектілігі арта түсетіні сөзсіз»,- деді Мемлекет басшысы.

Президент алдағы уақытта Денсаулық министрлігі атқаратын жұмысты атап өтті.

«Жақында Нұр-Сұлтан қаласында модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Оның небәрі екі апта ішінде салынғанын білесіздер. Аурухана халықаралық талаптарға сай жабдықталған. Оны арнайы барып аралап көрдім. Сонымен қатар, ғалымдарымыз диагностикалық тест жүйесін әзірлеп шықты. Міне, осындай нақты жұмыстар саланы жетілдіре түсетіні сөзсіз. Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта да медициналық қызмет сапасын арттыру үшін ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізуі керек»,- деді Қ.Тоқаев.