Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Қала көркі – сапалы инфрақұрылым

728 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Жетекші елдердің экономикалық әлеуеті көбіне ірі мегаполистерде шоғырланған. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 70 пайыздан астамы да жаһандық қалаларда түзіледі. Ал Қазақстанда миллионнан астам тұрғыны бар қалалардың инфрақұрылымы кәсіпорындар мен тұрғындардың жедел өсіп келе жатқан сұранысына сай келмей тұр. Әсіресе автожолдар заман талабына сәйкес келмеді. Олай болса ендігі жұмыс – өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту. Осыған орай биыл Шымкентте жол жөндеу жұмыстарына қазынадан 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Жергілікті әкімдік қазына қазанынан алынған қаражаттың есебінен қаладағы автожолдар мен ішкі орамдық көшелердің жыртығын жамап, жол салынбаған жерлерге жаңасын төсейді.

Қала көркі – сапалы инфрақұрылым

Сапалы жолдың үлесі артады

Республиканың маңызды өнеркәсіп, ту­рис­тік және мәдени орталығы – Шым­кентте төтенше жағдай кезінде де құ­рылыс жұмыстары саябырлаған жоқ. Кері­сінше, карантин құшағындағы қала көшелеріндегі тыныштықты сәтті пай­да­ланған жергілікті билік ша­һар­да­ғы бірқатар жол бөлігіне жөндеу жұ­мыс­та­рын бастап кетті.

Көшедегі көлік қозғалысының азды­ғы мен жұрттың жаппай үйде отыр­ған сәтін пайдаланған салалық мекемелер ойдым-ойдым, шаңдағы шыққан көшелерге асфальт төсеп тастады.

Қала аумағында жүріп жатқан қар­қын­ды жол салу жұмыстарының сапасына баса мән берген шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қайнаған еңбек алаңына барып, құрылыс барысымен танысқан болатын.

«Қаланың орталығында тұрсақ та та­лай­дан бері топырақ кешіп жүр едік. Енді міне, көшемізге асфальт төсе­ліп, су ағатын арықтар салынуда. Бұған, әсі­ре­се балаларымыз қатты қуан­ды. Кө­ше­міздің ажары кірді. Бұл үшін қала тұрғындарының атынан алғы­сы­мыз шексіз», деді Самал-2 шағын ауда­нын­да­ғы Сейітов көшесінің тұр­ғын­да­ры қала әкімімен жүздесуінде.

Жыл сайын тұрғындардың бас ауыр­татын мәселесі де осы жол сапасы еді. Шымкент қаласында автомобиль жол­дарының жалпы ұзындығы 2 977 ша­қы­рымды құрағанымен, асфальт-бетон жолдың үлесі (59,1 пайыз) әлі де тө­мен. Ал шағыл тас жол 1107 ша­қы­рым­ды құрайды, тұрғындар әлі күнге дейін 111,5 шақырым топырақ жолмен қатынап жүр. Жыл басындағы есепті кез­де­суде осындай деректерді ортаға салған әкім шағыл тас, топырақ жолдар мен ішкі орамдық көшелерді кезең-кезеңімен қайта жөндеуден өткізетінін жеткізген еді. Бүгінгі шаруа соның дәле­лі десек те болады.

Былтыр автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында шаһар­да 223,7 шақырым (221 нысан) жол бө­лі­гі мен көшелерде жөндеу жұмыс­та­ры жүр­гізілді. Нәтижесінде, сапалы жол­дар­дың үлесі жыл қорытындысы бойынша 56,5 пайызға жетті. Қазіргі таңда, қаланың магистралды жолдарының 75 шақы­рымында құрылыс жұмыстары жүр­­гі­зілуде. Оның ішінде Қонаев даң­ғы­лы­ның жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары қам­тылған.

Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр. Мәселен, Ташкент, Түркістан және Алма­ты ба­ғыт­тарына шығатын жолдар желі­сі­не құрылыс жұмыстары басталды. Көлік ағынын өткізу қабілеті заманауи талап­тар­ға сәйкес автомобиль жолдары 2023 жылға дейін пайдалануға тапсырылады.

Бүгінгі таңда қалада жалпы 2 601,6 ша­қы­рым ішкі орам көшелер бар, 2019 жылы осы көшелерді күрделі және орташа жөндеу, шағыл тас төсеу жұмыс­та­ры­на бюджеттен 3 264,4 млн теңге бө­лінді.

Ендігі бір мәселе – қала, аудандарды қосып тұратын көпірлердің сапасын жақ­сарту. Бүгінде шаһардың көршілес облыс, қалалармен шектесетін бөліктері мен қала ішінде жалпы 36 көпір бар. Оның 5-уі апаттық жағдайда. Ет комбинаты маңындағы, Ленгер тас жолы және А-2 жолындағы 3 көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ал Маятас пен Тоғыс шағын ауданы ма­ңын­да­ғы 2 көпір өткеліне жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, биыл күрделі жөн­деу­ден өткізу жоспарлануда.

Сәуірдің соңғы күндері қаладағы Га­га­рин көшесі мен Республика даңғы­лын­да­ғы жұмыс қарқыны үдей түсті. Шаһарға кіреберістегі орталық даң­ғы­лды аралаған қала басшысы мер­ді­гер­лерге бірінші кезекте сапаға мән бе­руді тапсырды. Карантин кезін­де жұмысшыларды барлық сақтық ша­ра­ларын сақтай отырып жұмыс іс­теу­ге шақырды. Сондай-ақ мердігер меке­мелердің жауапты басшыларына Т.Рысқұлов көшесінің «Самал» базары ма­ңындағы қос қапталына жаяу жолдар мен суағар салу жұмысын ретке кел­тіріп, айналасын жасыл желекпен көм­керуді тапсырды.

Бюджет қаражатының мақсатты жұм­­са­луын қадағалау мақсатында құры­лыс алаңдарында арнайы бақылаушылар қо­сы­ны жасақталғанын айта кетейік. Жол құрылыс сапасын барлық талаптарға сай жүргізу үшін құрылыс басында  бақылаушылар күн­делікті сараптама жүр­гі­зуде. Әкім жергілікті тұрғындарды да құрылыс барысын тікелей қадағалап оты­ру­ға шақырды.

Сөз басында айтып өткендей, ша­һар­дағы жол сапасын дамыту мақса­тын­да 417,6 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстарына биыл бюджеттен 25,6 млрд теңге қарастырылған. Оның 5,1 млрд теңгесі республикалық қазы­надан болса, қалғаны жергілікті бюд­жет есебінен бөлінді. Нәтижесінде 294 шақырым жол мен 6 көпір және 1 жо­лай­рық пайдалануға беріледі. 

3

             

 Үш жылда мәселе толық шешіледі

Бұл уәдені Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Абай ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, тұр­ғын­дармен кездесуінде айтты. Шаһар бас­­шысының сөзіне сүйенсек, алдағы үш жылда Шыментте жол мәселесі толық ше­шімін табады. Биыл қала шетіндегі топырақ жолдарға шағыл тас төселеді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Биыл қазынадан мил­лионды қалаға 440 млрд теңге қаржы бө­лін­ді. Қаралған қаражат мақсатты иге­­рілуі қажет. Бұл инфрақұрылымды жақ­­сартып, барлық саланың әлеуетін көте­ру­ге мүмкіндік береді. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді қаланың дамуына жұм­­сап жатырмыз», деді тұрғындармен кез­десуде Мұрат Әйтенов.

Аумағы 49 704 гектарды құрайтын Абай ауданында 323 мыңға жуық тұр­ғын бар. 34 шағын аудан мен тұрғын алап­тың 10-ы 2014 жылы бұрынғы Оң­түс­тік Қазақстан облысынан қалаға өткен-ді. Бүгінде таза ауыз сумен қамту көр­сеткіші 78,5 пайызды құрайтын аудан­да нақты жұмыстар қолға алынып, 5 тұрғын алапты ауыз сумен қамтитын ма­гистралды су жүйесінің құрылысы жү­ру­де.

Сондай-ақ Жаңаталап, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ, Ын­тымақ-2, Солтүстік саяжайдағы 7232 үйге ауыз су жүйелері тартылуда. Жос­парлы жұмыстар аяқталса, аудан хал­қы­ның 86 пайызы таза ауыз сумен қам­ты­ла­тын болады.

Биыл Абай ауданындағы 49 көшені жөн­деуге бюджеттен 1 099,6 млн теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары қар­қын алуда. Соңғы 10 жылда аудан­да­ғы 219 аулаға балалардың ойын алаңы мен 50 спорт алаңы салынды. Тек өткен жылы мемлекет-жекеменшік әріп­тестігі аясында 45 аулаға ойын алаңы тұрғындардың игілігіне берілді.

Биыл 41 аулаға балалар алаңын салуға – 637,4 млн, 8 спорт алаңын орнатуға 131,5 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыс бас­талды. Осы бағытта атқарылған жұ­мыс­тармен тыңғылықты танысқан қала бас­шысы Абай ауданында ауқымды жұмыс бар екенін айтып, құрылысы жүріп жатқан барлық нысандардың сапасын үнемі бақылауда ұстау керектігін айтты.

«Сәуле» шағын ауданына қарасты 276-орамдағы тұрғындар да жол азабын тар­тып келеді. Күні кеше азаматтардың өті­ніші бойынша нақты жағдаймен та­­ныс­қан қала әкімі «Сәуледегі» 276-орамға биыл жол төселетінін жеткіз­ді. Алда­­ғы уақытта 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Аталған орамды аралап көрген қала әкімі М.Әйтенов осылай деді.

«Жыл басында халық алдындағы есепті жиында жол мәселесіне байланысты көп ескертпе айтылған еді. Біз уәдемізді орындаймыз», деді қала басшысы.

«Жалпы бұл орам қала құрамына енген 41 елді мекеннің бірі. Бастапқыда тіпті топырақ жол да бол­ған жоқ. Электр желісін жұрт шама-шар­қынша өздері тартып алған еді. Ауыз суды тасып ішетінбіз. Қала аумағына еніп, суға жарыдық», дейді орамның төбе биі Ережеп Шерметов.

Бүгінде орамға электр бағаналары тартылып, ауыз су мен жолдың құжаты әзірленген. Мұндағы ең өзекті мәселелер биыл шешілмек. Кезінде тас төселмей қалған көшелер де тіркеуге алынуда.

«Қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан қомақты қаражат бөлін­ді. Оны уақытында әрі мақсатты иге­руі­міз қажет», деген қала басшысы Шым­ке­нт қаласының аумағына енген 41 елді мекеннің инфрақұрылым мәселесі қайта қаралатынын айтты.

Сапар аясында М.Әйтенов Во­допья­нов көшесінде өткен жылы өртен­ген үйдің орнына салынып жатқан 85 пәтерлі үйдің құрылысымен танысты. Тапсырыс беруші «Шымкент» ӘКК» АҚ мен мердігер «Отау Строй» компаниясына құрылыс жұмыстарын Қала күніне орай аяқтап, баспана кілтін тұрғындарға уақытынан ертерек табыстау керектігін айтты.

 

Әуежайдың құрылысы қарқынды

Шаһар жан-жақты халықаралық байланыс орнатуы үшін бірінші кезекте заманауи техникалық та­лап­тарға сай әуежай мен темір жол вокзалы қажет-ақ. Алайда үшінші мегаполис мәртебесі берілген шаһарда бұл талаптардың табаны тайғанақтап тұр­ға­ны жасырын емес.

Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі туристік керуеннің түстеніп өтер тұсы саналатын Шымкент үшін аталған жолаушылар тасымалы құрылысын дамыту кезек күттірмейтін шаруа. Себебі қалаға келер инвестор мен турист үшін жағымды «климат» қалыптастыратын «қақпа» әуе жолымен және шойын жолмен тікелей қабысып жатыр.

Осы маңызды мәселені шешу үшін Шымкенттегі халықаралық әуежай аума­ғында жаңа жолаушылар термина­лын салу басталған болатын. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назар­ба­ев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қала­сын дамыту жөніндегі тапсырмалары не­гі­зін­де жүзеге асуда.

Қазіргі таңда өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын терминалдың құрылыс-монтаж жұмыстарының ал­ғаш­қы кезеңі аяқталды.

Екінші кезеңнің құрылыс жұ­мыс­та­рын «Альянс Контракт Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда.

Құрылыс жұмыстарына 110 жұ­мыс­шы, 10-ға жуық арнайы техника тар­тылған. Бүгінде екінші кезең бо­йынша жұмыстардың 43 пайызы орын­дал­ды. Бұдан бөлек ақпараттық жү­йе­лер мен жолаушылардың жүк жабдықтарын жеткізу бойынша ке­лі­сім­шарт жасалса, лифтілер мен эска­ла­торларды жеткізу бойынша келі­сім тү­зілуде. Болашақта әуе кемелеріне ар­налған перронды кеңей­ту жоспарда бар. Тер­миналға апаратын жаңа жол мен инже­нерлік құрылым, абаттандыру жұмыстары да бірге аяқталады деп жоспарланған.

Жауапты мамандардың айтуынша, терминалдың құрылысы осы жылдың соңында аяқталады.

 

30 жылдан кейін орнатылған ойын алаңы

Қала бірінші кезекте тұрғындарға демалыс, көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білуі қажет. Сонда ғана халық өзін жайлы сезінеді. Оған көп дүниенің қажеті шамалы. Көпқабатты үйлердің ауласында аяқ бүгіп отырар орындықтар мен балдырғандар ойнайтын шағын ойын алаңдары болса жеткілікті. Міне, күн­делікті жұмыстан шаршап келген тұр­ғын­дарға керегі де осы.

Дегенмен қаладағы кейбір ескі көп­қа­батты тұрғын үйлердің аулаларында мұндай мәдениеттің белгісі де жоқ екені шындық. Жеке қабылдауында қала­лық­тар­дың талап-тілектерін тыңдаған шаһар басшысы осы мәселеге тікелей өзі араласты. Осылайша 30 жыл­дан бері ауласында балалар алаңы бол­ма­ған көпқабатты үйлердің аулаларында құрылыс жұмыстары басталып кетті.

«Тіпті есік алдындағы отыратын орын­дықтар да қирап қалған еді. Енді міне, ауламыз жайнап тұр. Балдырғандар тұрмақ, қариялардың қуанышында шек жоқ. Айтар алғысымыз шексіз», деді қала әкімімен жүздескен «Қарасу» ша­ғын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй­дің төрайымы Людмила Розанова.

«Анығында, қала аумағында аулаларды абаттандыру, ойын алаңдары мен арқалы орындықтар орнату жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Алайда кейбір мәдениеті төмен жандардың кесірінен бұзылып, қирап қалады», дейді Әл-Фараби ауданы әкімдігінің жауапты ма­ман­дары.

Жүрген ортасында бірінші кезекте сапаға мән беретін М.Әйтенов Әл-Фараби ауданының аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының құ­рылысымен танысқан сәтте де осы та­қырыпқа қайта соқты. Мердігер ком­па­ния­ның өкілдеріне тұрғындардың үйінде оқшаулануда отырған сәтін ұтымды пай­да­ланып, құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды жүктеді.

Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың барлығы – отандық өнімдер. Тіпті ойын алаңына төселетін резеңке тө­се­ніштің өзі Шымкентте жасалады екен.

Қаланың орталығы саналатын Әл-Фараби ауданындағы 672 көпқабатты тұрғын үй алдында 400 аула бар. Оның ба­сым бөлігіне балалар алаңы салынған. Ал 161-іне енді қажеттілік туындап отыр.

Осыған орай, биыл аудан бо­йынша 100 балалар алаңы мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында салын­са, қалған
61-інің құжаты қаралуда. Бұған қоса әр аулаға спорт алаңшасы да орна­тылмақ.

Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуын­ша, ауданда 15 гүлзар мен аллея салу жұ­мыстары да қарқынды жүріп жатыр.

 4

 

ШЫМКЕНТ