Спорт • 05 Мамыр, 2020

Өскеменнің түлегі Евгений Набоков үздік хоккейшілер қатарында

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда The Hockey Writers порталы әр жылдары Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) өнер көрсеткен Ресейдің ең үздік ойыншыларының тізімін жариялаған еді.

Өскеменнің түлегі Евгений Набоков үздік хоккейшілер қатарында

Мықтылар рейтингінде Евгений Набоков 19 орында тұр. Бұл ойыншыға біз бекер тоқталып отырған жоқпыз. Жуырда 45 жасқа толғалы отырған ол әйгілі Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Жергілікті «Торпедоның» сапында өнер көрсеткен Евгений 1994 жылғы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қақпасын қорғады. Кейіннен Ресейге қоныс аударды. Мәскеудің «Динамосында» шеберлігін шындаған Набоков кейіннен Америкаға аттанды. Ол жақта «Сан-Хосе Шаркс», «Нью-Йорк Айлендерс» және «Тампа-Бэй Лайтнинг» клубтарының намысын қорғады. Екі рет ҰХЛ-дың «Жұлдыздар матчында» мұз айдынына шығу құрметіне ие болды. 2008 жылы Ресей құрамасы сапында әлем чемпионы атанып, 2006 жылы Турин мен 2010 жылы Ванкувер Олимпиадаларында бақ сынады.

Ал жоғарыдағы көрсетілген таңдау бойынша «ТОП-10» хоккейшілердің тізіміне мыналар еніп отыр: Сергей Федоров, Александр Овечкин, Александр Могильный, Павел Буре, Павел Дацюк, Сергей Зубов, Евгений Малкин, Игорь Ларионов, Илья Ковальчук және Сергей Гончар.