Қоғам • 05 Мамыр, 2020

10 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

36 реткөрсетілді

2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 1265 жобаны іске асыру басталды, онда 17 мың жұмыс орны құрылып, 10,3 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Министр жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қызметкерлердің кемінде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа қабылданатынын, басымдық жұмыссыз жастарға берілетінін атап өтті.

Жұмыспен қамтудың жол картасы инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше ескеріледі. Сондай-ақ мердігерлер санитариялық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.

Жергілікті атқарушы органдар іске асыру үшін 6 506 жобаны ұсынды, оның 2 410-ы республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын болады.

«1 мамырдағы жағдай бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар бойынша 1 779 жоба (немесе 73,8%) бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталды. Бірқатар өңірлерде 1 265 жоба бойынша жұмыстар басталып кетті, 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 10 332 жұмысшы жұмысқа қабылданды», деді Біржан Нұрымбетов.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

Жұмыспен қамтудың жол картасы инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:

– әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 703 жоба);

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 039 жоба);

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 799 жоба);

 елді мекендерді абаттандыру (965 жоба).

Министр Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру айтарлықтай оң нәтиже беретіндігін атап өтті.

Мысалы, 80 жаңа білім беру объектісінің құрылысы апатты және үш ауысымды мектептердің проблемаларын шешуге, ауылдық жерлерде білім беру ұйымдарының қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ 7 мыңға жуық педагогты тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 24 Денсаулық сақтау объектісінің құрылысы алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділікті арттырады, сондай-ақ шамамен 1 мың медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 36 мәдениет және спорт нысанының құрылысы бұқаралық спортты дамытуға оң әсер етеді, жастар үшін бос уақыт мәселесін шешуге және 1,6 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, су шаруашылығының 12 жаңа объектісін салу және қолданыстағыларын жаңғырту халық үшін ауыз судың қолжетімділігін арттырады, суармалы жерлердің көлемін кеңейтуге, пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тартуға, аралас салаларда 77 мың адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың 247 жаңа объектісін салу және қолданыстағыларын жаңғырту тұрғын үй құрылысы үшін жағдай жасайды, ауыл тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, коммуналдық желілердің тозуын төмендетеді. Елді мекендерді абаттандыру олардың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіз және жайлы демалысы үшін жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар

...Бойыма қуат береді

Руханият • Бүгін, 07:09

Бояу қолданбайтын суретші

Қоғам • Бүгін, 07:06

Ауылдағы аяқ киім фабрикасы

Экономика • Бүгін, 07:00

Ел тарықпасын десек...

Экономика • Бүгін, 06:56

Отандық өнім 72 елге экспортталды

Экономика • Бүгін, 06:48

Мақтааралдағы ахуал бақылауда

Аймақтар • Бүгін, 06:42

Симптомсыз сыбайластық

Қоғам • Бүгін, 06:40

Айқын бағыт, тура жол

Пікір • Бүгін, 06:37

Алатау мен Алматы

Руханият • Бүгін, 06:35

Тарих таразысындағы төрт жайт

Руханият • Бүгін, 06:33

Азаттықтың айшықты нышандары

Қазақстан • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар