Парламент • 05 Мамыр, 2020

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын аударды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Мақтааралда зардап шеккендерге көмек қорына аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын аударды

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбек жалақыны Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аудару туралы Қаулы қабылдады.

Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады.