Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтаарал ауданында 845 тұрғын үйді, 7639 гектар егістік жерді су басқан

51 рет көрсетілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан бүгінгі таңға, алдын ала есептеулер бойынша, жалпы 845 тұрғын үйді, 3 мектеп, 5 бала-бақша, 4 медицина нысандары мен  мәдениет үйін, 10 дүкенді су басқан. Жеңіс ауылындағы көпірді және республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар 54,7 шақырым автожолдарды су шайды.

«ҚазСушар» РКМ-нің мәліметтеріне сәйкес, кейбір елді мекендерде су деңгейі орташа 3-4 сантиметрге төмендеген. Елді мекендерді су басуының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан істер жалғасын табуда. Бұл орайда халықты құлақтандыру мақсатында Мақтарал ауданының 15 елді мекенінде 38 дабылды ескерту құрылғысы орнатылған. Нұрлыжол,  Өргебас,  Ырысты,  Жантақсай елді мекендерінде бөгеттер салынып, Мырзакент кенті бағытында Фирдоуси елді мекенінің аумағында 3 коллектор орнатылған. Бұдан бөлек, Мақтаарал ауданы аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы, Қоғалы елді мекенінің маңынан «орталық бетпақдала коллекторы» арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылды.

Үкімет сағатында Мақтаарал ауданына қатысты баяндама жасап, төтенше жағдай бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осындай деректер келтірді. Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау және су басқан тұрғын үйлерді мүлкін қорғау үшін 8 блок - бекет орнатылып, полиция департаментінің жеке құрамынан жалпы 335 қызметкері мен 57 арнайы автокөлігі жұмылдырылған. «Алдын ала жинақталған мәліметтер бойынша көлемі 7639 гектар егістік жерді су басқан. Сонымен қатар, мал шығыны нақтылануда. Қазіргі таңда, осы жоғарыда аталған шығындарды есептеп жатырмыз. Шығын көлемі нақтыланып болған соң, қосымша баяндалатын болады», деді Өмірзақ Шөкеев.

прпр

Облыс әкімі баяндамасында жалпы 31 606 тұрғын 14 елді мекеннен эвакуацияланғанын, 7 елді мекенде су басу қаупі әлі де жоғары екенін айтып өтті. Ал Мырзакент және Ақжол елді мекендердің тұрғындары өз үй-жайларына қайта оралуда. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ауданда төтенше жағдай жарияланғалы бері 986 адам, 10 дана жүзу құрылғысы, 180 дана техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан 30 өнімділігі жоғары су жинағыш сораптар жеткізілуде. Бұдан бөлек, Ұлттық Ұлан әскери бөлімінен 413 әскери қызметкер мен 37 дана техника тартылды. Қосымша Алматы қаласынан Ұлттық Ұланның құтқару батальонынан 320 әскери қызметкер мен 26 дана техника келуде. Облыс әкімі, сондай-ақ көршілес облыстар мен кәсіпкерлер тарапынан да түрлі көмектер көрсетіліп, қолдау білдіріліп жатқанын жеткізді.

перпр

 

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері аяз болады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Елордада STEM олимпиадасы өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:30

Пневмонияның 43 жағдайы тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:10

Саңлақтар сыр бермеді

Күрес • Бүгін, 08:28

Білім мен рухани бірлік алаңы

Руханият • Бүгін, 08:23

Ел чемпионатында топ жарды

Спорт • Бүгін, 08:20

Ой түбінде жатқан сөз...

Қоғам • Бүгін, 08:17

Аңыздар айқасы тең аяқталды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:15

Тәжікстаннан да төмен тұрмыз

Футбол • Бүгін, 08:07

Алға ұмтылған Ақмола

Елорда • Бүгін, 08:02

Көреген көшбасшы

Елбасы • Бүгін, 07:45

Әлемнен алғыс алған тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:33

Құрметті отандастар!

Қоғам • Бүгін, 07:30

Елбасы және Сыр елі

Аймақтар • Бүгін, 07:28

Қылмыс азайып келеді

Қоғам • Бүгін, 07:22

Шала туған шақалақтар

Қоғам • Бүгін, 07:15

Сол қолдың соққысы сан соқтырды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:07

Ұқсас жаңалықтар