Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 216-ға жетті

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вирусты жұқтырған 2 адам да Қызылорда қаласының тұрғындары, 1993 және 1981 жылғы әйел адамдар.

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 216-ға жетті

Олардың біреуі қауіптілік топтарын скринингтік тексеру кезінде анықталды.

Екінші жағдай бойынша ПТР сынамалары ЖРВИ симптомдарының болуына байланысты алынған.

Диагностикалық зерттеу қорытындысы екеуінің де коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар атқарылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

05.05.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 216 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 138, ем қабылдап жатқандар саны — 78.