Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Түркістан: Сарыағаштықтар 1 млн 735 мың теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына сарыағаштықтар да  алғашқылардың бірі боп жалпы құны 1 млн 735 мың теңгенің  гуманитарлық көмегін  көрсетті. Оның ішінде  азық-түліктен бөлек,  көрпе-төсек, гигиеналық заттар, балаларға қажетті кеңсе тауарлары да бар. Аталған заттар  Сарыағаш ауданына бекітіліп берілген 5 мектепте орналасқан 700-ге жуық тұрғынға таратылып берілуде.

Түркістан: Сарыағаштықтар 1 млн 735 мың теңгенің  гуманитарлық көмегін  көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Отрашиев бастаған арнайы топ бірінші күннен-ақ  эвакуация орындарына келіп, 5 мектепті өз қамқорлығына алған болатын. Бүгінде эвакуациялық орындарда Сарыағаш ауданы әкімдігінің 30-дан астам мемлекеттік қызметкері күндіз-түні халыққа қалтқысыз еңбек етуде.

«Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайды ести сала алғашқылардың бірі ретінде көмек беруді жөн көрдік. Әсіресе, үйлерін су шайған азаматтарды қамқорлығымызға алуды ойладық. Бұл игі бастамамыз сарыағаштық жомарт азаматтардан бірден қолдау тапты. Ең бастысы - адам шығыны жоқ. Жан аман болса, басқасының бәрі орнына келері сөзсіз. Сондықтан Мырзашөл халқына сабырлық пен ауызбірлік тілеймін!», дейді Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев.

 

Түркістан облысы