Елорда • 05 Мамыр, 2020

Елордада мұқтаждарды қолдау акциясы жалғасуда

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қалалық еріктілер штабының қолдауымен «Qareket жақсылық жаса» қоғамдық қоры «Орталық Азияның Еуразия» қоры және «Шеврон» компаниясымен бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.


Елордада мұқтаждарды қолдау акциясы жалғасуда

«Біз біргеміз» акциясына қосыламыз. Осындай күрделі жағдайда тек біз ғана емес, бүкіл әлемде миллиондаған адам қалып отыр. Еңсемізді түсірмеуіміз керек», - деді «Qareket жақсылық жаса» қорының жетекшісі Дина Сырғабаева.

Жобаның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер, тыл ардагерлері мен жетім балаларға қолдау көрсету.  

Акция аясында барлығы 100 азық-түлік себеті таратылады.


1