Әлем • 05 Мамыр, 2020

Nike медицина қызметкерлеріне 30 мыңнан аса аяқкиім сыйлады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nike компаниясы COVID-19 індетімен күрестің алдыңғы шебінде қызмет етіп жүрген денсаулық сақтау қызметкерлеріне зор қолдау көрсетіп, әлем бойынша 140 мыңнан аса аяқкиім, киім және басқа да жабдықтарды тегін үлестіріп жатыр.

Nike медицина қызметкерлеріне 30 мыңнан аса аяқкиім сыйлады

Аталған компания ресми сайтында қайырымдылық акциясын АҚШ-тағы коммерциялық емес Good360 ұйымымен және Еуропадағы жергілікті ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқандарын хабарлады.

30 мың жұп аяқкиім Чикаго, Лос-Анджелес, Мемфис және Нью-Йорк қалаларындағы ауруханаларға және ардагерлердің денсаулығына жауапты басқармаға жіберіледі. Тағы 2,5 мың жұп аяқкиім Еуропаға жолдайды. Олар Барселона, Берлин, Милан, Париж қалаларында және Бельгияда таратылады.

Медицина қызметкерлеріне үлестірілетін Nike Air Zoom Pulse аяқкиімі былтыр қараша айынан бастап шыға бастаған.

Бұған қоса Nike компаниясы Нью-Йорктегі дәрігерлерге 1100 спорт киімінің жиынтығын сыйлады. Оның ішінде қол сөмкесі, су бөтелкесі, қалпақ және шұлық бар. Сондай-ақ бүкіл Еуропа бойынша 4000 жұп аяқ киім және 3500-ден аса Dri-FIT киімін тарту етті.

Соңғы жаңалықтар