Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Түркістан: Депутаттар 21 млн теңгеге гуманитарлық көмек жөнелтті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облыстық және барлық аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары Nur Otan партиясының «Біз біргеміз!» акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 7 бірдей жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев ұйытқы болған.

Түркістан: Депутаттар  21 млн теңгеге гуманитарлық көмек жөнелтті

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осындай қысыл-таяң уақытта мақтааралдықтарға көмек қолын созған азаматтарға алғысын білдірді. «Апат айтып келмейді. Мақтаарал ауданында дәл қазіргі уақытта қауіптің беті қайта бастады. Елдің соның ішінде депутаттардың бастама көтеріп, халыққа болысуы көңіл қуантады. Ең бастысы – халыққа сабыр мен төзімділік қажет. Алдағы уақытта тасқын судан келген шығындар толық есептеліп, жаңа үйлер бой көтеріп, жолдар жөнделіп қалыпты өмір басталатынына сенімдіміз», деді Өмірзақ Естайұлы.

рлг

Жалпы соммасы 21 млн теңге болатын гуманитарлық көмекте азық-түліктен бөлек, киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған тауарлар да жеткілікті. Депутаттар жөнелткен көмек Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан арнайы қоймаға қабылданады.

 

 

Түркістан облысы